Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлі болғысы келетіндер баспанадан қағыламыз ба деп уайымдап жүр. Жоспар бойынша өткен айда қоныс тойын тойлаулары тиіс болған. Алайда, үйге кірмек тұрмақ, Тұран мөлтек ауданындағы көпқабатты төрт үйдің құрылысы аяқталмапты да.
Қала әкімімен кездесуге келген бұл топ, уәде етілген пәтерлерін даулап жүр. 175 отбасы банктің байқауынан әлдеқашан өтіп қойғандарын айтады. Шуласқан топтың айтуынша құрылыс 70 пайыз ғана біткен. Білулерінше, қажетті қаржы бөлінбей жұмыстар тоқтап тұр. Жиналғандардың тағы бір уайымы банк берген мерзім аяқталуға жақын.
Рания САКИНБАЕВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Отбасы банк 6 ай созып берем дейді. Жкх ондайға көнбей жатыр. Потому что қайтадан растаймыз документтерді. Мен енді растауға маған керек емес. Менде 100 пайыз төленген. Ал мыналар кейбіреулері уже декретке шыққан, олар растай алмайды қазір.
Банк өз тарапынан ешқандай мәселе туындамайтынын жеткізді. Ал шенеуніктер құрылысты уақытылы аяқтамаған компанияға айыппұл салған.
Еркін АҚЫЛШАЕВ, "ОТБАСЫ БАНК" ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қаңтар айына дейін келісім шарттар түзіледі. Төлем қабілеттері сақталады банк тарапынан. Ары қарай ипотека беріледі. Ешқандай қиыншылық жоқ бұл жерде.
Мұрат ӘЙТЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Бұл үй ерте салынып жатқан үйлердің бірі. Енді біздің келісім шарт бойынша желтоқсанның аяғында, әлі үй бітпеген. Қалай берем?! Бүгінгі күні банктен өткен азаматтар басқа біткен үйге барам десе дайын, бармайм десе желтоқсанға дейін іріктеуді күтесіздер. Болды.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
175 отбасы әкім ұсынған дайын үйлерді қаламай отыр. Жылдар бойы әзер қолымыз жеткенде сапасы мен шаршы метрі көңілімізге тура келмейтін үйді алмаймыз дейді. Жиналғандар енді қаңтарға дейін шыдай тұрмақ. Қала әкімі 30- қаңтардан кешікпей жаңа қонысқа жайғасасыңдар деп сендірді.
А. Төребекқызы