Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылорда облысы тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр

AstanaTV
13.10.2022ж. 20:00
1174
Қызылорда облысы тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр

Қызылорда облысы тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында көш бастап тұр. Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Аймақта түрлі салалар бойынша, 22 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.

Аймақта биыл 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Бұл меже бүгінде 71,7 процентке орындалып отыр. Ұлттық жобалар шеңберінде атқарылып жатқан шаралар да нәтижесіз емес.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Қызылорда облысының өте жақсы нәтижеге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Облыста құрылған жұмыс орындарының 88 пайызы тұрақты жұмыс орны. Олардың 84 пайыз зейнетақы аударымдарымен расталып отыр.

Өңірде «Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасына» 41 мыңнан аса адам қатысқан. Олардың көпшілігі жұмыспен қамтылса, 2 мыңнан астамы қайтарымсыз грант алған.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Президентіміздің 10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы облыста 4587 жұмыс орнын құру жоспарланған. 9 айдың қорытындысымен 5691 жұмыс орны ашылып, көрсеткіш қазірдің өзінде 124,1 пайызға орындалды.

Келесі жылы 6 мың жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Ғабит ЖАҢАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ең бірінші дәрігерлер, одан бөлек IT-шниктер жақсы юристер тапшы. Заң білетін, мемлекеттік сатып алу заңдарын жақсы меңгерген. Осындай мамандықтарға тапшы қазір бізде. Солтүстік облыстарда басқаларда мамандар, мұғалімдер жетіспей жатса. Бізде артық мұғалімдер.

Жаңа жұмыс орындарын құрып, қысқартудың алдын алу, жалақы көлемін 50 процентке арттыру мақсатында 51 ірі және орта кәсіпорынмен меморандум жасалған.

М. Тоқтасынқызы