$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түрікменстан Президенті Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келді

AstanaTV
14.10.2022ж. 20:00
1908
Түрікменстан Президенті Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келді

Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді. Мәртебелі мейманды Елорда әуежайынан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қарсы алды. Одан кейін Түрікменстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты. Ал ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды деген жоспар бар.

Николай КУЗЬМИН, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Екі жақты сауда мәселелері талқыланатын шығар. Себебі екі ел арасындағы сауда-саттық аз. Өткен жылы олар 500 миллион доллардан аспады. Ал Өзбекстанмен өзара сауда көлемі - 4,3 млрд доллар.

А. Базарбай