$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Майнкрафт» ойнаған 6 жасар бала психикалық ауруға шалдыққан

AstanaTV
14.10.2022ж. 20:00
2864
«Майнкрафт» ойнаған 6 жасар бала психикалық ауруға шалдыққан

Алматыда 6 жасар бала «Майнкрафт» ойынының салдарынан психиатриялық ауруханаға түскен. Бұл туралы балалар психиатры Ольга Александрова айтты. Дәрігердің айтуынша, балада ойыннан кйеін қорқыныш пайда болған. Тіпті ас-судан бас тартқан көрінеді. Психикасы нашарлай бастаған. Қазір баланың жағдайы жақсы, ем қабылдады дейді. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жеткіншектер арасында бұл дерт өршіп тұр. Себебі, балалардың бос уақыты көп. Салдарынан виртуалды өмір мен шынайы өмірді шатастырып алатын көрінеді. Астанадағы психикалық денсаулық орталығына көмек сұрап келгендердің ең жасы-4-те дейді.

Рамзагүл АҚЖОЛ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:

Балалар 4 жастан бастап қаралады. Компьютерлік тәуелділікке қазіргі соңғы уақытта жиі кездеседі. Соңғы кезде онлайн болғандықтан ұлғайып кетті балалардың тәуелділігі ұлғайып кетті. Ұйқысы бұзылуы, агрессия көрсетіп, өзін-өзі ұстай алмайды. Біресе күледі, біресе жылайды, өзін аянышты қылып сезіндіргісі келеді. Алдайды, және қайта-қайта сұрай береді.

Ә. Дүкембаева