$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Соңғы үш жылда Астана қаласына 3,2 трлн теңге инвестиция тартылды

AstanaTV
14.10.2022ж. 20:00
2073
Соңғы үш жылда Астана қаласына 3,2 трлн теңге инвестиция тартылды

Соңғы үш жылда Астана қаласына 3,2 трлн теңге инвестиция тартылды. Биылғы жылдың сегіз айының көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артық. Бұл көрсеткіш елорданың шетелдік инвесторлар үшін тартымды бола түскенін көрсетеді, - дейді қалалық инвестиция дамыту орталығы.

Білімге салынған инвестиция – жарқын болашақ кепілі. Астанадағы нәтижелі инвестициялық жобалардың бірі - «Future school» мектебі.

Арман БІРІМЖАНОВ, «FUTURE SCHOOL» МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:

«ASTANA INVEST» компаниясы бізге жер телімін таңдауда, техникалық жағдай жасауда, құрылыс кезінде инфрақұрылым, жол мәселесінде қиындықтар туындағанда мәселелерді шешу барысында көмектесті. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыда қолдау көрсетті. Соның арқасында қысқа мерзімде мектеп пен балабақша салдық.

 «ASTANA INVEST»-тің мақсаты – қалаға инвестиция тарту. «Бір терезе» қағидасы арқылы инвестор өзінің жобасын жүзеге асыра алады. Сондай-ақ, өтініш жазу негізінде ақысыз түрде инвесторларды сүйемелдейді, жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Қазір Астана қаласы Қазақстан бойынша инвестиция тарту бойынша алдыңғы қатарда,-дейді маман.

Алмат ӘЛІМБАЙ, «ASTANA INVEST» ҚАЛАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:

Жел электр станциясы 43 млд-қа жоспарланған. Автомобиль құрастыру зауыты- 25 млрд, жылыжай кешені 15 млдр-қа жоспарланып отыр. Сонымен қатар, логистикалық орталықтар салу жоспарланып отыр. Биылғы жылы бірнеше инвестициалық объектілер пайдалануға бергелі жатыр.

Биылғы жылы 863,5 млрд теңгеге 39 инвестициялық жоба тартылған. Ал 2023 жылы құны 20 млрд теңгеден асатын 10-нан астам инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Шетелдік инвесторларды тарту мәселесі де қарастырылып, жұмыстар атқарылып жатыр.

А. Серік