Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Рудныйда екі бала белгісіз жағдайда көз жұмды

AstanaTV
14.10.2022ж. 20:00
1373
Рудныйда екі бала белгісіз жағдайда көз жұмды

Қостанай облысында егіз бала жұмбақ жағдайды көз жұмды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6 жастағы балалар 2 күн бұрын қалалық ауруханаға түскен. Жедел жәрдем көлігін анасы шақыртыпты. Аяқтары талып, бастары айналып, өздерін жайсыз сезінгендерін айтып, шағымданған көрінеді. Инфузиялық терапиядан өткен. Зертханалық және клиникалық сараптамалар ешқандай ауытқушылық көрсетпеді, - дейді басқарма мамандары. 13 қазанда анасының талабымен екі бала үйіне жіберілген. Ауруханадан шыққанда жағдайлары тәуір болыпты. Алайда 12 сағат өткеннен соң балалар көз жұмған. Бұған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әлеуметтік желіде қайғылы жағдайға байланысты ақпарат тарады. Онда ағайынды балалардың кәмпит түрінде сатылатын есірткіден ұшынғаны баяндалады. 

З. Санай