$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім досын атып алды

AstanaTV
17.10.2022ж. 20:00
1726
Батыс Қазақстан облысында жасөспірім досын атып алды

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім көлік жуамын деп оққа ұшты. Оны досы әкесінің гаражда тұрған машинасын жууға көмектес деп үйіне шақырған. Балалардың бірі көлікте жатқан мылтықты алмақ болады. Сол кезде қару атылып кетіп, оқ екінші жеткіншектің ішіне тиген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жасөспірім санавиациямен облыс орталығына жеткізілген.

Болат ӘЛІБАЕВ, БҚО КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Келген кездегі жағдайы орташа ауырлықта. Келген кездегі диагнозы – «кеуде аймағының ішке енбеген, атылған жарақаты» диагнозымен келіп түсті. Қазіргі жағдайы орташа ауырлықта, емін алуда.

Полиция енді мылтықтың иесін де заң бойынша жазаламақ. Ол қаруды пайдалану тәртібін ескермеген. Тәртіп сақшылары мылтық пен атылмаған оқ-дәрі тәркіледі.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 114-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ атыс қаруының иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкесөзге де ақпараттар жарияланбайды.

Е. Карин