$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Егіз баланың жұмбақ өлімі елді дүрліктірді

AstanaTV
17.10.2022ж. 20:00
1298
Егіз баланың жұмбақ өлімі елді дүрліктірді

Рудныйдағы дүйім жұртты дүрліктірген егіз баланың жұмбақ өліміне қатысты әлеуметтік желіде түрлі аудио хабарлама тарады. Онда ағайынды балалардың кәмпит тектес есірткіден ұшынғаны туралы айтылуда. Тәртіп сақшылары шаһар тұрғындарын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады. Бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Өңірдегі тілшіміз Заңғар Санай Рудныйға барды, құзырлылармен сөйлесті, тұрғындармен тілдесті.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Алты жастағы Әмір мен Ілиястың жұмбақ өлімі жұртты шошытты. Көпшілік егіз баланың есірткі затынан ұшынып, көз жұмды деген ақпарды естіп жағасын ұстады. Қос баласынан айырылған отбасыға көңіл айта бардық. Ауыр қайғыға душар болған анасы ауруханаға түсіп қалыпты. Балаларды баққан нағашы әжесі сұхбаттасудан бас тартты. Қара жамылған қарт ананың халін түсінеміз әрине.

Роза СҰЛТАНМҰРАТОВА, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі нәрсе естідік ғой. Алдыңғысы көшеде таратып жүр дегенді естідік. Одан кейін бір әйелдің аудиодыбысы шықты ғой. Балалар таблетка ішіпті деген. Үрей болады ғой енді. Қоррқып қалдық. Енді балаларды жібермейіз ғой өз бетінше.

Бақыт ҚОЖАМҰРАТОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Осы үйде 16 жылдан бері тұрып жатырмын. Ондай нәрсе байқаған жоқпын. Жамандық нәрсені. Басқа балаларды танимын. Бірақ оның балаларын танымайды екенмін.

Әлеуметтік желіде желдей ескен аудиохабарламалар қала тұрғындарының да үрейін қашырды. Полиция арнайы сараптама тағайындалғанын айтты. Тек соның қорытындысына сәйкес қос бүлдіршіннің нақты неден ұшынғаны белгілі болмақ.

Ербол КӘКЕНОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ватсап желісі арылы ақпараттар тарап жатыр. Біреулер бұл балаларға есірткі затын берді деген. Ондай ақапартты тексеріп жатырмыз. Тұрғындардан тексерілмеген ақпаратты таратпауын сұраймын. Тексерлімеген ақпарат тарату заңмен қудалантыны ескертіледі.

Еске салайық , егіз бала қазанның он екісі күні жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер «ұшыну» диагнозын қойған. Алайда анасы оны жоққа шығарыпты. Сондықтан диагнозы белгісіз боп қалған көрінеді. Инфузиялық терапия жүргізіліп, түгел анализдері алынды. Балалардың әлі де әлсіз екені, бірнеше күн бақылауда болу керектігі жөнінде айтылды, дейді ақ халаттылар.

Еркежан САДЫҚОВА, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Дәрігерлер анасына түсіндіріп айтқан. Әлі де бақылауда болу керек деп. Бірнеше күн. Өйткені біз білмейміз дедік ғой себебін. Бірақ анасы мұнда өзі болмағандықтан ауруханадан 13 күні шығарып жіберген.

Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ:

Дәрігерлердің айтуынша ағайынды Мурсалиндер арнайы есепте тұрған. Балалардың дамуында ауытқушылық байқалған. Гипербелсенді егіздердің неден ұшынғанын енді елорда сараптама орталығы анықтайды. Оның қорытындысы екі-үш күнде дайын болады, деді полицейлер. Егіздердің ағзасынан есірткі элементі табылмаса, жалған ақпарат таратқан жандар іздестіріліп, жауапқа тартылмақ.

З. Санай