$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодар облысында оқушылар бір жарым айдан бері ауылдық клубта оқып жатыр

AstanaTV
17.10.2022ж. 20:00
1845
Павлодар облысында оқушылар бір жарым айдан бері ауылдық клубта оқып жатыр

Павлодар облысында оқушылар бір жарым айдан бері ауылдық клубта оқып жатыр. Бұған мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуі себеп болған. Кішкентай ғана ғимаратта 50-ге тарта бала білім алуға мәжбүр. Ал мұғалімдер тар жерде оқудың өте қиын екенін айтады. Өңірден-Өзгеріс Қуанар.

Бұл -Ақсу қаласына қарасты Сарышығанақ мектебінің бастауыш сынып оқушылары. Олар бір жарым айдан бері ауылдағы клубта оқуға мәжбүр. Тар ғимаратта қыстырылып- қымтырылып білім алуда. Бір мезетте екі класқа сабақ қатар өтеді. Арасын шымылдық қана бөліп тұр.

Елена РАХМАТУЛИНА, САРЫШЫҒАНАҚ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ:

Бізге бұл жер ыңғайсыз. Бірінші сынып үшін өте қиын. Көрші сыныппен ортамызды шымылдық ғана бөліп тұр. Интерактивті тақта жоқ, суықта дәретханаға шығу да мұң. Кейде отты көп жаққанда ыстықтан балалар маужырап, ұйықтап қалады.

Балаларының тар ғимаратта оқып жатқанына ата-аналар да қарсы.

Дәуірбек ҚАНИЕВ, АТА-АНА:

Осы мектепте менің екі қызым оқиды. Олар біреуі таңертең келеді, біреуі түстен кейін келеді. Және осы мәдениет орталығында оқу мүлдем ыңғайсыз. Мектебімізге қайтып оралғанын тезірек қалаймыз енді.

Мектеп директоры жөндеу жұмысы қазан айында аяқталады - деп сендірген болатын. Алайда, бұл әзірге құрғақ сөз секілді. Жауаптылар жұмыстың кешеуілдеуін мемлекеттік сатып алу рәсімінің тым ұзаққа созылуымен байланыстырады.

Қалимаш БАЙМҰХАНОВА, САРЫШЫҒАНАҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Әрине, бізде ойладық былай кіреміз - деп жартысына. Осы мектептің жартысын бізге істеп береді - деп. Оқу жүре береді - деп. Енді мен қазір ойлаймын, қарашаның 10-не дейін мектептің жартысын кабинеттерді бізге істеп береді деп. Біз кіреміз деп.

Облыстағы Голубовка ауылында да оқушылар бір жарым айдан бері ауылдық клубта білім алып жатыр. Ондағы мектептің құрылыс жұмыстарының да қашан аяқталары белгісіз.

Ө. Қуанар