Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Жастар Рухы" жастардың жан-жақты дамуын қолдайды

AstanaTV
17.10.2022ж. 20:00
1570
"Жастар Рухы" жастардың жан-жақты дамуын қолдайды

"Жұлдыз лига" жеңімпаздары анықталды. Елордада шағын футболдан өнер және медиа қызметкерлері арасында, қалалық біріншілік өз мәресіне жетті. Күзгі маусымға барлығы 10 команда қатысып, үздіктер арнайы кубокпен марапатталды. 2 айға созылған жарысқа Аманат партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты қолдау көрсетті. Оның төрағасы Нұржан Жетпісбаев партия қашан да жастардың жан-жақты дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін ең үздік шабуылшы, қақпашы деген сияқты номинациялар белгілі. Жалпы жастардың арасында жаңа жобалардың, жаңа азаматтардың пайда болуына мүмкіндік беретін осындай тың жобалар көп болады. Соның бірі осы жоба. Басқа да теріс әрекеттерден жастарымызды тартатын жобаларды алдағы уақытта да қосатын болады.

Қ. Мерей