Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Атырауда бір отбасы газға уланып қалды: 1 адам қаза тапты

AstanaTV
18.10.2022ж. 20:00
1018
Атырауда бір отбасы газға уланып қалды: 1 адам қаза тапты

Атырауда бір үйлі жан табиғи газдан уланып қалды. Бір адам қаза тапты. Жедел жәрдем қызметі келгенше 89 жастағы қария көз жұмған. Одан өзге 3 ересек адам мен 2 балаға медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға жатудан бас тартқан соң, олар үйіне жіберілген. Төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының айтуынша, бұл көшедегі үйлерге былтыр қараша айында газ жабдықтарын пайдалану бойынша ескерту жасалған. Ал биыл аралау жүргізілмепті. Мамандар газдан уланудың басты себебі мұржаның бітелуінен деп отыр.

Ғабит БАБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Газды қосқан кезде газ мұржасы тазаланбай, газың шығуы орын алмаған. Сол себептен табиғи газдан улану фактісі орын алған. Таңертең оянған кезде газдың иісін сезген, құсқан, осы себепті жедел жәрдем қызметін шақыртқан.

Б. Нәдірқызы