$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары жылусыз отыр

AstanaTV
18.10.2022ж. 20:00
1625
Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары жылусыз отыр

Ақтөбеде көпқабатты үй тұрғындары жылусыз отыр. Өйткені жертөледегі жылу құбырлары шіріп кеткен. Дірдек қаққан жұрттың еш әрекетсіз отырған билік өкілдеріне өкпесі қара қазандай.

Қаланың орталығындағы бұл көпқабатты үй 33 жыл бұрын бой көтерген. Содан бері жертөледегі жылу құбырының қажетті бөлшектері ауыстырылмаған. Бүгінде тозығы жеткен құбырдан су сорғалап тұр.

Рысжан ВИНТЕР, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Отопление жоқ. Ашатын отопление элеватор жұмыс істемей тұр. Вентильдер оны ашса авария олар жібермейді. Максимальный деңгейге ашуға қорқады. Запуску они не готовы. Ештеңе жасаған жоқ.

Оразбек БИСЕНБАЕВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Вентиль екі жақтан ұстамай тұр. Сол жақ оң жақта ұстамайды. Енді кетсе мынаның ішінің бәрін қатырып тастайды. Отопление, паровой бәрі қатып қалады. Жарылады.

Тұрғындар былтыр да төменгі қабаттарда жылу болмай тоқ пешпен амалдап шыққандарын айтты. Биыл тіпті жертөленің бәріне су толса, жағдай оданда қиындай ма деп қорқады.

Базаркүл ЕСЕНАМАНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балаларымыз бар. Отопление жоқ. Су подвалда ағып жатыр. Шіріп кеткен бәрі. Кск дым істемейді.

Бұл тұрғын үй қысқы маусымға тексеріліп, тіпті дайындалмаған.

Шолпан ОМАРҒАЛИЕВА, «БАСТАМА» ПИК БАС ИНЖЕНЕРІ:

Бұл үйге әлі жылу қосу акті берілген жоқ. Сондықтан жылуды қоспадық. Бұл үйдегі олқылықтарды реттеу керек.

Руслан ӘЖНИЯЗОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Он подъезді үй, алты подъездге отопление қосылды. Қалған 4 подъездге ертеңнен бастап басқарушы орган сварка қойып, жұмыс жасап ертең отопление беріледі.

Жалпы Ақтөбеде 1868 көп қабатты тұрғын үй бар, бүгінгі таңда оның 130 жылусыз отыр.

Б. Рахметова