Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Жас Отан» «Қазақстан ұлттық КВН лигасы» жобасын жүзеге асыруда

AstanaTV
25.07.2016ж. 20:00
2173
«Жас Отан» «Қазақстан ұлттық КВН лигасы» жобасын жүзеге асыруда

Көңілді тапқырлар клубы көкше төрінде жазғы кубоктың жеңімпазын анықтады. 4 күнге жалғасқан күлкі мерекесінің чемпиондары болып Қостанай облысының құрамасы танылды. «Ұлттық КВН лигасы» фестивалінің соңы үлкен гала-концертке ұласқан. Айтулы шараның өтуіне әдеттегідей «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мұрындық болып отыр. Сондай-ақ, Ақмола облысының жастар саясаты басқармасы да тікелей қолдау танытыпты. 

Сайысқа республиканың барлық аймағынан ең озық деген командалар келген. Бұл шамамен 10 топ. Мәселен, «Қостанай облысының құрамасынан» бөлек, «Голливуд», «Көкшетау құрамасы», «Өзінше такие», «Қорғалжын құрамасы» «Еуразия ұлттық университетінің құрамасы» және «Акцент» сынды топтар тартысқа түскен. Әрине, барлығы да бұған дейінгі түрлі додаларда бағын сынап жүрген әзілкештер. Ал әділқазылар құрамасын «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Шахмардан Байманов бастаған белді азаматтар бағалаған.

Айта кету керек, Көкшетауда өткен күлкі мерекесінде сайыстан бөлек, түрлі мастер-класстар да өтті. Белді әзіл-сықақшылар мен көңілді тапқырлар клубының ойыншылары жастарға кеңес беріп, мол тәжірибелерімен бөлісіп жатты. "Көңілді тапқырлар клубы" ойындары жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығын, талантын ашуға ықпалы зор. Осы ретте жастардың құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған ойынды ары қарай дамыта беру маңызды. Бүгінде "Нұр Отан" партиясы көңілді тапқырлар ойынын өткізуді қолға алды.

Шахмардан Байманов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:

Жыл бойы фестиваль, сонымен қатар маусым ашылған болатын. Биыл, міне, жазғы маусымда біз іріктеуден қалған командаларды бүгін, міне, келесі айналымға өтудің бір кезең есебінде, мынау осы жазғы фестиваль өтуде. Енді алдағы уақытта осындай түрлі форматтағы фестивальдар, ойындар өткізу жоспарда бар.

Құралай ПИОНЕР