Тағы 15 қоғамдық ұйым Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға қосылды. Олардың қатарында Кәсіподақтар федерациясы, Жазушылар одағы, «SERPIN» Ұлттық білім және инновациялар палатасы, «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қоры, Цифрлық трансформация, «Bolashaq» қауымдастықтары бар. Бұл туралы Астанада өткен Халықтық коалицияны ұйымдастыру комитетінің отырысында белгілі болды. Жиында өңірлерде үгіт-насихат іс-шараларын өткізу, кандидаттың байқаушылары мен сенімді тұлғаларын оқыту, сайлау науқанының құқықтық аспектілері сияқты мәселелер талқыланды.
А. Базарбай