Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

«Қазфосфат» компаниясының минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа «Аммофос-2» цехы іске қосылды

AstanaTV
19.10.2022ж. 20:00
1839
«Қазфосфат» компаниясының минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа «Аммофос-2» цехы іске қосылды

Тараз қаласында «Қазфосфат» компаниясының минералды тыңайтқыштар шығаратын жаңа цехы іске қосылды. 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтитын жаңа кәсіпорынның ашылуына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қатысты. Салтанатты шара Республика күніне орайластырылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ішкі нарықты минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету қазір басты міндеттің бірі. Осының негізінде сырт елден келетін өнім көлемін азайту көзделген.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Біздің жоспарымыз сол 36 млрд өнімді сырттан алып келетін Қазақстаннан шығарсақ па деген. 700 жобадай дайындап қойдық 158 жобаны биыл іске қосамыз дедік міне соның бір бөлігін бүгін біз ашып отырмыз.

Жаңа цехта жылына 500 мың тонна аммофос өндіріледі. Кәсіпорын минералды тыңайтқыштар өндірісінің жылдық қуаты бір миллион тоннаға дейін артты. Жоба құны - 72 млрд теңге. «Қазфосфат» ЖШС филиалдарында 7 мың адам жұмыс істейді. Жаңа өндіріс желісі іске қосылған соң тағы 500 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ғабит ДӘРІСОВ, "ҚАЗФОСФАТ" ЖШС ҚҰРЫЛЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

150 тоннасы Қазақстанға белгіленген. Ал 350 мың тонна экспортқа жіберіледі. Осы екінші кезең салық жағынан қосымша 16 млн долларға дейін өңірге салық көбейтіледі.

Сонымен қатар отандық шаруаларды қолдау мақсатында кәсіпорын мен Ауыл шаруашылығы министрлігі арасында аммофос бағасын 2022-2024 жылдарға бекіту туралы меморандумға қол қойылды. Енді отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері аммофос өнімін арзан бағамен алады.

Б. Жұмабай