Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

"Қоғамдық көліктерде мүгедектерге жағдай жасалмайды", - қоғам белсендісі

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
1172
"Қоғамдық көліктерде мүгедектерге жағдай жасалмайды", - қоғам белсендісі

Қоғамдық көліктерде мүгедектерге жағдай жасалмайды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз кіріп шығуы үшін арнайы басқышы бар автобус аз. Қоғамдық көліктерге мониторинг жасаған белсенділер осылай дейді. Айтуынша, қалада қайырмалы басқышы бар 150 дей қоғамдық көлік жолаушы тасымалдап жүр. Ол өте аз. Қала тұрғындарына әлі 300 автобус керек. Алдағы уақытта белсенділер мәдени орындарды да аралауды жоспарлап отыр.

Нияз СҮНДЕТӘЛИЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жүргізуші басқыш арқылы мінгізіп, түсіруі тиіс. Ол іс жүзінде орындалмайды. Еліміздің барлық автопарктеріне ортақ ұсыныс жасалуы тиіс.

А. Қуаш