Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
1458
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында ауқымды шаралар жалғасып жатыр. Қостанайда Ұлт ұстазына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Игі шараның мақсаты – Ахаңның өмірі мен қызметін өнеге тұтатын елжанды жастарды тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың өрелі ұстанымын қалыптастыру.

Конференция «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының рухани көсемі», «Еңбектері және жазу реформасы», «Тіл білімі мұрасын зерттеу мен түсінудегі жаңа бағыттар» сынды үш бағытты қамтыды.

Серікбай ОСПАНОВ, АҚЫН, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Ахаң сол Ұлы Жыланшық өзеніне ұқсайды. Соған тартып туған сияқты. Өйткені елінің жағдайы ортайып, әлеуметтік жағдайы, басқа рухани жағдайы ортайған кезде соның бәрін толтыруға тырысты.

Абылай МАУДАНОВ, АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ:

Архангельскіде Ахаң тұрған, паналаған үйді таптық. Ол үй болмағанда Ахаңның сүйегі сол ақ теңізде қалуы мүмкін еді.Сол деректердің бәрін алып келіп тарихшыларға беріп жатырмыз.

Белгілі ғалымдар мен мектеп ұстаздары Ахаңнның қызметі мен шығармашылығы жөнінде кеңінен ой толғады. ЮНЕСКО шеңберінде аталып жатқан Алаш көсемінің жүз елу жылдығында елеулі экспедиция мен келелі конференция көп өтті. Бірақ бүгінгі шараның жастар үшін маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.

Әсел ҚҰЛМАҒАМБЕТОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Нысаналы тобы - бұл жастар.Негізінен студенттер қауымы. Сондықтан осындай іс-шараларды өткізуіміздің мақсаты бізге көптік етпейді. Жастардың бойына сіңіре беру. Олардың мұрасы туралы айта беру, айта беру.

З. Санай