$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Қазғарыш» отандық конструкторлар мен инженерлердің қатарын арттыруға ниетті

AstanaTV
26.07.2016ж. 20:00
4007
«Қазғарыш» отандық конструкторлар мен инженерлердің қатарын арттыруға ниетті

«Қазғарыш» отандық конструкторлар мен инженерлердің қатарын арттыруға ниетті. Әзірге шетелде арнайы оқытылған 24 маман ғарыш жобаларына тартылып отыр. Бұл туралы бүгін «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясының Астанадағы жаңа орталығына БАҚ өкілдері шақыртылып, база қызметі таныстырлыған жиында айтылды.

«Ғарыш қалашығы» жобасы аясында салынып жатқан орталықтың қазір біршама жұмысы аяқталған. Онда ғарыштан бақылау орталығына қажетті қызметтің барлығы қойылуы тиіс. Тілшілерге «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2»  ғарыш аппараттарының ғарыштық мониторингі бойынша жұмысы таныстырылды. Бүгінде онда фотограмметрия, геосараптама, картография, навигация сынды қызметтер көрсетіледі. Тапсырыс әлемнің 200-ден астам елінен түсіп отыр.

Айдын Айымбетов, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК вице-президенті:

«Қазақстан ғарыш сапары» - бұл ғарыштық жобаларды құру, түзу және сынаққа алу жұмыстарымен айналысатын орталық. Сондықтан мұнда жоғары техникалық білімі бар мамандар ғана тартылады. Яғни талап қатты. Ал тапсырыс жағына келер болсақ, спутниктік қызметтің барлық түрі көрсетіледі. Қазір серіктестер қатарын да арттырып отырмыз. 

Құралай ПИОНЕР