Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, өңірлерге кедергі жасамаңыздар», - Ғалым Әміреев Үкіметке

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1178
«Мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, өңірлерге кедергі жасамаңыздар», - Ғалым Әміреев Үкіметке

Елімізде әлеуметтік азық-түлік бағасы 18 процентке қымбаттаған. Сол себепті бағаға талдау жүргізетін маркетинг орталығын ашу керек. Мәжіліс депутаты осындай ұсыныспен Сауда және интеграция министріне сауал жолдады. Айтуынша, қымбатшылық бәрінен бұрын жалақысын я анаған, не мынаған жеткізе алмай, тиын санап жүрген қарапайым халықтың қалтасын қағып отыр. Үкімет жұмысына көңілі толмайтынын жеткізген депутат азық-түлік бағасына қатысты жедел шаралар қабылдау қажет деді.

Ғалым ӘМІРЕЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әлі күнге дейін баға қалай реттелетіні туралы механизм ұсынылмады, Үкімет аяғын шалыс басудан шаршамай ма? Егер мәселені қалай шешуді білмесеңіздер, онда өңірлерге кедергі жасамаңыздар. Ертең өңірлер кінәлі деп жаба салмаңыздар. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды, желтоқсан айынан бастап бағалар қайтадан көтеріледі.

А. Базарбай