$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден шеберлермен кездесті

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1451
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден шеберлермен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден елордада ұлттық киім тігетін және қолөнер бұйымдарын жасайтын кәсіпкерлермен кездесті.

Шеберлермен кездесуде Қарақат Әбден өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Ұлттық өнерді дамытуға, ұлықтауға қатысты сан алуын сұрақтар қойылды. "Бұрын тек Наурыз мерекесінде есімізге түсетін ұлттық киім қазіргі кезде сұранысы бар қажет өнімге, трендке айналды. Менің сайлауалды бағдарламам ұлттық мәдениетімізді негізге ала отырып жасалғандықтан, бұған баса мән беремін", - дейді Қарақат Әбден. Расында да соңғы уақытта ұлттық киім үлгілерін сұраныс артып келеді. Кездесу барысында Қарақат Әбден ұлттық киімдер шеруін өткізуді ұсынды. Бұл көпшіліктің қолдауына ие болды.

Ләйлім ЛАВРҚЫЗЫ, ТОҚЫМА МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛІ:

Ұлттық киім, ұлттық қолөнер – ол қазақтың бетпердесі. Қазақтың ұлттық әшекейлері, бұйымдары барлығы маған өте жақын тақырып. Себебі біз сол бағытта жмұыс жасаймыз. Өзіміздің ойларымызбен бөлістік. Проблемаларды көтердік. Сұрақ-жауап ретінде жақсы отырыс болды.

Т. Әлжанов