Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысының шалғай ауылдарын аралады

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1604
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысының шалғай ауылдарын аралады

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті. Шалғай ауылдарды аралап, жұртшылықты өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Оппозициялық партия өкілі Нұрлан Әуесбаев алдымен Есет батырдың туған жері Алға ауданы Бестамақ елдімекенінің тұрғындарымен жүздесті. Мұнан соң, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталып, ауыл халқының сауалдарына жауап берді. Кездесуде кандидат өзін ұсынған «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы туралы да мәліметтер айтты.

Мейрамбек КАМАЛОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Н. ӘУЕСБАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Осы жиналысқа 80 шақты ауыл азаматтары қатысты, сайлаушылар қатысты. Нұрлан Сатыбалдыұлы өзінің үміткер ретінде сайлауалды бағдарламасымен сайлаушылармен таныстырды. Жалпы, кездесу өз деңгейінде өтті. Сайлаушылардың толық дерлік сұрақтарына жауап берілді.

Нұрлан Әуесбаев әйгілі батыр Есет Көкіұлының кесенесіне барып, рухына тағзым етті. Ал ертең кандидат Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездеседі деп жоспарланған. Жалпы сайлауалды бағдарлама бойынша 50-ден астам іс-шара өткізу көзделіп отыр.

Ә. Дүкембаева