Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Республика күніне орай үй кезегінде тұрған астаналықтар баспаналы болды

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1371
Республика күніне орай үй кезегінде тұрған астаналықтар баспаналы болды

Республика күнінде үй кезегінде тұрған астаналықтар баспаналы болды. Жаңа үйге қоныстанушылар арасында ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен мүгедектер, жетім балалар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.

Елордалықтарға бұл пәтерлер "Нұрлы жер" жобасы аясында берілді. Тұрғын үй бағдарламасын Астана әкімдігі Отбасы банкімен бірлесіп жүзеге асырған. Қоныс тоймен құттықтап келген қала әкімі Алтай Көлгінов "мемлекет тұрғын үй мәселесіне ерекше назар аударатынын" айтты.

Алтай КӨЛГІНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл мемлекеттік бағдарламамен салынған, өздеріңіз үшін жасалған үлкен бағдарлама. Енді кезекте тұрған қаншама азаматымыз бар. Соларға жыл сайын біз пәтер кілттерін табыстаймыз. Бұл «Отбасы» банкпен бірге «Нұрлы жер» бағдарламасымен Үкіметтің қабылдаған үлкен бағдарламасын іске асыруы. Өздеріңіз білесіздер бұл бағдарлама Президенттің тікелей бақылауында тұр.

Тұрғын үй кешені құрылыс қарқынды түрде жүріп жатқан ауданда орналасқан. Жақында бұл маңда 4 мың оқушыға арналған 2 ауысымды мектеп ашылды. Ал көктемде ауданды абаттандыру жұмыстары жалғасып, әлеуметтік нысандар салынады.

Ләззат ИБРАГИМОВА, "ОТБАСЫ БАНК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекет тұрғындардың баспаналы болуына ерекше көңіл бөледі. "Шаңырақ" бағдарламасы аясында екі жыл ішінде біз 16 722 қазақстандыққа жеке тұрғын үй сатып алуға көмектестік. Оның ішінде Астанада 4 363 адам қоныс тойын атап өтті. Жақын арада отбасы банкі мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарға несие беруді жалғастырады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елордада жыл сайын қолжетімді тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. ГРАФИКА: 2018 жылы -1800 , 2019 жылы - 2900 әлеуметтік пәтер берілген. Ал соңғы екі жылда 17 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлады. КТМ:Сонымен қатар тұрғын үй сертификатының сомасы 1 миллион теңгеден 1,5 миллионға дейін ұлғайған.

А. Задабек