Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар ант қабылдады

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1479
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар ант қабылдады

Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл шара ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылды. Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев Республика күнінің еліміз үшін ерекше маңызды екеніне тоқталды. Сонан соң бірқатар қызметкер Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сондай-ақ, арнайы қонақ болып келген қызметкерлердің балалары ата-аналарының жұмыс орнымен танысып, мерекеге орай ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Дархан ЖАЗЫҚБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

25 қазанда 1990 жылы осы Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жолындағы декларациясы қабылданды. Сондықтан заңды тұрғыда біздің мемлекетіміздің қалыптасуына тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына жол ашатын үлкен құжат. Алдағы уақытта біздің мемлекеттік қызметшілер өздерінің анттарына берік болып еңбектерін арттыра береді деп ойлаймын.

Ә. Дүкембаева