Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде Сириядағы соғысқа аттанған адамды сырттай қамауға алды

AstanaTV
26.07.2016ж. 20:00
2042
Ақтөбеде Сириядағы соғысқа аттанған адамды сырттай қамауға алды

Ақтөбе соты ДАИШ құрамында Сирияға соғысқа аттанған азаматтың сыртынан қамаққа алу туралы шешім шығарды. Мұндай жаза қолдану туралы өтінішхат Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 21 шілдеде келіп түскен.

Ол мамандығы заңгер, 31 жастағы жігіт. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды. Ол - лаңкестік топтың құрамына қосылу немесе терактіге қатысы бар, терроризмді үгіттеу, сондай-ақ әлеуметтік, ұлттық және діни жағынан жікке бөлінуге шақыру баптары.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

Ақтөбе қаласының №2 сотының 21 шілдедегі қаулысы бойынша Қуановқа қатысты күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылып, ұсталған күнен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция  берілді.