Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылордада мас жүргізуші полицейді мерт қыла жаздады

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1417
Қызылордада мас жүргізуші полицейді мерт қыла жаздады

Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші полицейді мерт қыла жаздады. Көлікті түнде тәртіп сақшылары тоқтатқан. Одан қашпақ болған жүргізуші полицейді іліп әкеткен. Видеодан оның біраз жерге дейін сүйретіліп барып, асфальтқа құлап түскені көрінеді. Абырой болғанда, тәртіп сақшысы аман. Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші із суытпай ұсталған. Наркологиялық сараптама нәтижесімен оның орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды. Автокөлік айып алаңына қойылып, қала тұрғынының үстінен екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

М. Тоқтасынқызы