Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1351
Қостанай облысында қар аралас жаңбыр жауып, соңы көктайғаққа ұласты

Қостанай облысының кейбір ауылдарында бастауыш сынып оқушылары сабақтан босатылды. Себебі, өңірде қар жауып, соңы көктайғаққа ұласты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағытта көлік қозғалысы уақытша шектелді. Полиция көктайғақтың кесірінен облыс көлемінде 5 жол көлік апаты тіркелгенін хабарлады. Жүргізушілер мен жолаушылар дін аман. Ал «Қазавтожол» серіктестігі ауа райы қолайсыз кездерде туындаған төтенше жағдайда жедел әрекет ету үшін арнайы топтар құрылғанын жеткізді. Олардың құрамына мыңға тарта техникамен қамтылған мың жарымнан аса адам кіреді. Сондай-ақ жол бойына 24, ал елдімекендерде 197 жылыту орны дайындалды.

З. Санай