ТМД байқаушылары миссиясы Қазақстандағы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Әзірге 23 адам аккредитациядан өткен. Бұл туралы Атқару комитеті төрағасының орынбасары – ТМД Атқарушы хатшысы Ильхом Нематов айтты. ТМД байқаушылары миссиясы ұйымдастыру мәселелерімен, соның ішінде өңірлер бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді байқаушыларды бөлу, Қазақстанның сайлау заңнамасын бағалау мәселелерімен айналысатын штаб ашты.
Ильхом НЕМАТОВ, АТҚАРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ-ТМД АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Бүгін ТМД елдерінің байқаушылар миссиясы сайлау науқанын бақылауға кірісті. Оның басшысы – ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев. Миссия құрамына 100-ден астам адам кіреді, оның 10-ы-ұзақ мерзімді бақылаушы. Қысқа мерзімді бақылаушылар сайлауға екі-үш күн қалғанда келеді. Әрине, біз барлық өңірлер мен сайлау учаскелерін қамтуға тырысамыз.
Орталық Сайлау Комиссияның мүшелері өңірлердің сайлауға дайындығын тексеріп шығады. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, учаскелік сайлау комиссияларында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Арасында жастар да бар.
Дәурен РАХЫМБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Бізді сайлаушылардың сұрақтарына қалай олармен жұмыс жасау жалпы сайлау процестерінің қалай өтетінін білдік. Қандай заңдарға негізделеді, қандай құқықбұзушылықтар болуы мүмкін. Солардың алдын алу жұмыстарын жүргіздік.
Ә. Дүкембаева