Ақтөбеде екі жігітті айуандықпен өлтіріп, өзен жағасына тастап кеткендер ұсталды. Күдікті ретінде 10 адам қамауға алынды. Полиция әуелі үш адамды, кейін облыс орталығынан 400 шақырым жерде алты жігітті ұстаған. Енді бүгін тағы біреуі қолға түсті. Барлығына да өлі күйде табылған 27 және 31 жастағы екі жігітті өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Анығы, оқиға түнгі клубта болған. Бұл ойын сауық кешеніндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Темір ауданынан қалаға жарысқа келген төрт жігіт кешке клубқа келген. Сол жерде күзетшілермен сөзге келіп, төбелес басталған. Онан соң бір топ жігіт оларды жабылып сабап, көліктерге тиеп алып, қала сыртына алып шыққан. Сол жерде екі жігіт пышақ жарақатынан көз жұмған. Қалған екеуі қашып үлгеріпті. Қазір оқиға болған түнгі клуб жабық, есігіне мөр қойылған. Тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Нұрболат СҰЛТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген үш күдіктіні ұстаған болатын. Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы алты күдікті ұсталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлігі 1 тармағымен кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Б. Рахметова