$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыдағы жоғарғы мейіргерлік колледж оқытушылары жалақының аздығына наразы

AstanaTV
28.10.2022ж. 20:00
1495
Қарағандыдағы жоғарғы мейіргерлік колледж оқытушылары жалақының аздығына наразы

Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінің оқытушылары жалақының аздығына наразы. Айтуларынша, олардың орташа жалақысы 100 мың теңгеден сәл ғана асады. 40 шақты мұғалім өз құқықтарын қорғап, жалақы төлеу заңдылығын тексеруді сұрап құзыретті мекемелерге хат жолдады.

Тәжірибелі педагог Панар Әбдіқұлованың айтуынша, мекеме басшылығы мұғалімдердің еңбекақысын ақылы және ақысыз топтардыкі деп екігі бөліп тастаған. 3 жыл бойы барлық білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысы өскенде ақылы топтарға сабақ беретін мұғалімдердің жалақысын көтермепті.

Панар ӘБДІҚҰЛОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕЙІРГЕРЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Мен 30 жыл істейді екем әлі 200- ге толған жоқ, оның өзінде маған класс, сынып жетекшісі, сәттің меңгерушісі, кабинет меңгерушісі төленеді, өзіміздің құқымызды адам екенімізді көрсетіп еңбекақымызды көтерулеріңізді сұраймыз.

Ал Зарина Черкова 10 жылдан бері осында сабақ береді. Бірінші санаттағы оқытушының ай сайын алатыны – 120 мың теңге.

Зарина ЧЕРКОВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕЙІРГЕРЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Мен алғашында жартылай жұмыс істеп 68 мың теңге алып жүрдім. Қазір 150 дей сағатым , кураторлығым тағы бар, соның өзінде 120 мың алдым. Бұл таксимен балаларымды анда-мында тасуға ғана жетеді. Жалақы бюджеттік топтарға қосылды, ал ақылы топтарға сабақ беретін мұғалімдерге төлемейді. Әкімшілік сіздерге қаржы жетпеді дейді.

Педагогтардың айтуынша, медицина қызметкерлеріне сұраныс өскендіктен студент көп. Мемлекеттік болса да білім мекемесінде ақылы топтар басым. Бірақ ол қаржы не техникалық жабдыққа, не жалақыға жұмсалмайды дейді.

Светлана ЕРҒАЛИЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕЙІРГЕРЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ:

Мен жоғарғы санаттағы санитарлық дәрігермін, оны қорғау үшін жыл сайын аттестациядан өтемін. Бірақ бұның бәріне көк тиын қосылмайды, сонда не үшін ізденемін? Педагог мәртебесінен еш пайда жоқ. Ақша педагогтарға, білім сапасын жақсартуға жұмсалмаса қайда кетіп жатыр?

Ал колледж басшылығы әркім тиісті еңбекақысын алып отырғанын жеткізді, тіпті бір ай бұрын жалақыны 15 процентке өсірдік деді. Бірақ неге екі түрлі еңбекақы белгіленгенін түсіндіре алмады.

Ильгизар АХМАДИШИН, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖОҒАРҒЫ МЕЙІРГЕРЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бюджеттік және коммерциялық топ оқытушыларының сағатына байланысты еңбекақысында айырмашылық жоқ. Биыл бәрін 15 пайызға көтердік. Тек ақысыз топтарда жалақыға қосымша ақша төленеді. Колледж әкімшілігі оқу процесін ұйымдастыру үшін оқытушыларды барлық қажетті құралмен қамтамасыз етеді. Жыл сайын аудиторияларды жөндейміз.

Білім мекемесіндегі жалақы төлеу тәртібін арнайы комиссия ғана анықтай алады. Оқытушылар құзыретті орындардан тексеріс жүргізуді сұрайды.

А. Қуаш