Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова Көкшетау қаласына барды

AstanaTV
28.10.2022ж. 20:00
1492
Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова Көкшетау қаласына барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына барды. Аурухана қызметкерлерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ондағы әрбір мәселеге жіті тоқталып, өзектілігін, мәні мен маңызын талқылады.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан штаб мүшелері жолға көлікпен шыққан. Көктайғақ салдарынан машина бірнеше рет апатқа ұшырай жаздаған көрінеді. Көкшетауға 5 сағатта әрең жетті. Кандидат алдымен облыстық көпбейінді ауруханаға барды. Бұл емдеу мекемесі 700 орынға лайықталған, 1,5 мыңға жуық маман еңбек етеді. Медицина қызметкерлерімен кездескен кандидат денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді талқылады.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Әрине, бүгін медициналық көмек көрсету деген ол бір етік тігумен немесе көйлек тігумен салыстыруға болмайды. Медициналық көмек көрсету, ем беру деген өте күрделі, жауапкершілігі жоғары қызмет. Сол себепті ол жолда әр түрлі жағдайлар да болып жатады.

А. Серік