Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде лаңкестікке қатысы бар адамдардың барлығы анықталды

AstanaTV
27.07.2016ж. 20:00
2996
Ақтөбеде лаңкестікке қатысы бар адамдардың барлығы анықталды

Ақтөбеде 5-ші маусымда болған лаңкестікке қатысы бар адамдардың барлығы анықталды. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Күдіктілердің аты-жөндері белгілі. Қазір бұл оқиғаға қатысты 67 қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар лаңкестер шабуылдаған қару-жарақ дүкендерінің қожайындарына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 42 мың теңге айыппұл салынғаны белгілі болды. 

Есентұр Қадыров, Ақтөбе облыстық прокуратурасы 2-басқармасының бастығы:

Террористік шабуылға қатысы барлар және лаңкестерге көмек берген барлық адамдар анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Зардап шеккендер мен куәгерлер де белгілі. Бүгінгі таңда ұсталған әр адамның оқиғаға қатысы тексеріліп жатыр.

Ал Ақтөбенің қалалық нөмірі екінші соты бүгін тағы бір адамды 2 айға қамауға рұқсат берді. Ол қала тұрғыны Ренат Тлемисов. Оған терроризмді насихаттады, билікті күшпен басып алуға үгіт жүргізді деген айыптар тағылған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ