$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбеде екі жігіт қаза болған түнгі клуб жабылуы мүмкін

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
2155
Ақтөбеде екі жігіт қаза болған түнгі клуб жабылуы мүмкін

Ақтөбеде екі жас жігіт қаза болған түнгі клубтың директоры қамауға алынды. Сонымен бұл іске қатысы бар деген күдіктілер саны - 13-ке жетті. Еске салайық, бес күн бұрын Елек өзенінің жағасынан екі жас жігіттің мәйіті табылған болатын. Артынан олардың Темір ауданынан Ақтөбеге жарысқа келгені, сол күні түнгі клубта бір топ жігіттен таяқ жеп мерт болғаны анықталды. Әуелі қаладан үш, мұнан соң Ырғыз ауданынан алты, кейін тағы төрт күдікті ұсталды. Барлығы он үш адам қазір қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Бүгін полиция қылмысты жасырды деген айыппен түнгі клуб директорының да қамауға алынғанын растады. Қазір қаладағы барлық ойын сауық кешендерінде тексеріс жүріп жатыр.

Нұрболат СҰЛТАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ауыр қылмыс жасалғаны туралы айтпаған және уақтылы медициналық көмек көрсету шараларын қабылдамағаны үшін осы түнгі клубтың директоры ұсталды. Бұл клуб лицензиясының күшін жою немесе оны жабу туралы сотқа талап енгізілді.

Б. Рақметова