Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Астанада жаңа білім беру орталығы ашылды

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
1946
Астанада жаңа білім беру орталығы ашылды

Астанада жаңа білім беру орталығы ашылды. Онда балалар мен жасөспірімдер білімдерін қосымша жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Толығырақ тілшіміз тарқатады.

Оқу орталығының атауы – «Жақсылық арифметикасы» . Бұл жерде жеткіншектер бәсекеге қабілетті, сапалы білім алады. Оның ашылу рәсіміне Елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысып, орталық ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Есет БАЙКЕН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы қаламызда қазіргі кезде 150 ден астам қосымша білім беретін орталықтар қызмет етуде. Онда 200 мыңға жуық білім алады. Бірақ ауқымы жағынан 70 пайыздан енді ғана асып отыр. Сондықтан осындай орталықтардың біздің елордамызда көптеп ашылуы, жалпы білім жүйесі саласында өте тиімді.

Орталық жетекшісі Ұлжан Мырзағалиеваның айтуынша, бұл оның бас қаладағы екінші орталығы. Сарыарқа ауданы тұрғындарына, көпбалалы отбасы және ерекше балаларға жеңілдікпен оқуға мүмкіндік бар дейді.

Ұлжан МЫРЗАҒАЛИЕВА, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Көпбалалы отбасының, аз қамтылған әулеттің балаларын тегін оқыту және 50 пайыз жеңілдікпен, кей пәндерді 50 пайызбен жеңілдікпен оқу болып табылады. Жалпы біз білім беріп қана қоймаймыз, қоғамдық қордың негізінде жасағандықтан қайырымдылық шарамен көптеп айналысамыз.

Ашылған оқу орталықтың сыйымдылығы – 350-400 орын. Білім нысаны «Жақсылық арифметикасы NS» қоғамдық қоры мен Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен ашылды. Онда ІТ, роботехника, ментальді арифметика, вокал, тоғызқұмалақ үйірмелері бар. Логопед маманның да қызметін пайдалануға болады.

Ә. Дүкембаева