Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда күніне кем дегенде 3 мас жүргізуші ұсталады

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
1171
Қызылжарда күніне кем дегенде 3 мас жүргізуші ұсталады

Қызылжарда мас жүргізуші көбейіп кеткен. Күн сайын кемінде 3 адам полицейлердің қолына түседі. Жыл басынан бері мыңға жуық адам ұсталған. Арасында тіпті жүргізу куәлігінен айырылса да, көлік айдап жүргендер бар. Тәртіп сақшылары оларды 15 тәулікке қамауға алды. Құзырлы орган соңғы кезде рейд жұмыстарын күшейткен. Алайда, мас жүргізушілердің қатары бәрібір азаймай отыр, дейді.

Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне бағытталған 10 профилактикалық іс шарасы жүргізілді. қазанның 17нен 23 дейінгі аралықта “мас жүргізуші”жедел іс шарасы жүргізілді. Оның нәтижесінде көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 38 жүргізуші ұсталды.

А. Құрманкин