$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Президенттікке кандидат М.Қажыкен Абай облысына барды

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
1037
Президенттікке кандидат М.Қажыкен Абай облысына барды

Үгіт-насихат науқаны аясында президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Абай облысына барды. Кәсіподақ өкілдерімен, резидент-дәрігерлермен және профессор-оқытушылармен кездесті. Өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жиналғандармен пікір алмасты.

Кандидат Мейрам Қажыкен әуелі кәсіподақ өкілдерімен кездесіп, қызметкерлердің жұмысымен танысты. Оларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ондағы әр мәселеге жіті тоқталды. Одан кейін медициналық университетке ат басын бұрды. Аталмыш университет -еліміздегі ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалдары бар. Онда Мейрам Зекешұлы резидент дәрігерлермен, профессор-оқытушылармен кездесті. Мамандардың ұсынысын тыңдап, пікір алмасты. Үміткер жаңа облыстың құрылғанына қуанышты екенін жеткізді.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Жергілікті халқы көп жылдардан бері аңсаған екен... Біз өзіміз өңір болайық, облыс болайық деген. Міне осыған жетіпті. Белсенділіктері бар екен, талаптары бар екен.

А. Задабек