Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Ж. Дайрабаев ардагерлермен шахмат ойнады

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
916
Президенттікке кандидат Ж. Дайрабаев ардагерлермен шахмат ойнады

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Павлодар облысына барды. Екібастұз қаласындағы базарда болып, жұртшылықпен пікірлесті. Қымбатшылық, баға тұрақсыздығын талқылады.

Сатушылардың айтуынша, отандық тауар өндірушілер затты уақытында жеткізбейді, сондықтан сырттан келетін өнімдерді саудалауға тура келеді. Жигули Дайрабаевтың айтуынша бағаның тұрақты өсуі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Мемлекеттің аграрлық саясатын үйлестіру қажет дейді. Қазір елімізде 2700 кооператив бар. Ол тек қағаз жүзінде құрылған. Бізге түрлі бағыттағы нақты кооперативтер қажет», – деді Жигули Дайрабаев. Екібастұзда ет делдалсыз тұтынушыға тікелей сатылады. Келісі 1700-1800 теңге. Бірақ кәсібін дамытқысы келген еңбек адамдарына жағдай жасала қоймаған. Кандидат кәсіпкерлерге қолдау білдіретінін жеткізді. Бұдан кейін үміткер қалалық ақсақалдар кеңесімен кездесті. Олармен шахмат ойнады.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, "АУЫЛ" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мінеки ешқандай делдалсыз шаруалар тікелей осы нарыққа келіп тапсырады. Бір шетінен баға халыққа қолжетімді. Екінші жағынан шаруаларға мүмкіндік.

Р. Бақытжанқызы