Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Көкшетауда әлеуметтік маман иелерін құттықтады

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
1145
Көкшетауда әлеуметтік маман иелерін құттықтады

Қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Осыған орай Ақмола облысының әкімі Ермек Мыржықпаев сала мамандарын құттықтап, үздіктерін марапаттады.

Көкшетауда өткен салтанатты шара, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне арналды. 30-ға жуық адамның мерейі үтем болып, марапатқа ұсынылды. Аймақ басшысы әр қызметкердің үлесіне жеке-жеке тоқталып, төл мерекелерімен құттықтады.

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

2011 жылдан бастап қазанның соңғы жексенбісінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік сала қызметкерлер күні болып есептелді. +Атаулы әлеуметтік көмекті протрифті пилоттық жоба басталды. Ол барлық мұқтаж адамдарға уақытында көмек көрсету мүмкіндік береді. Ол үшін 20 мың отбасы енгізілді.

Мереке қарсаңында бірталай әлеуметтік қызметкердің еңбегі еленді. Марапатталғандардың арасында қаржыгер Шынаргүл Қадырова да бар.

Ол әлеуметтік қорғау жүйесі саласында 15 жылдан бері қызмет етіп келеді. Дегенмен марапаттардың арасында маңыздысы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атынан тағылған төс белгісі болды дейді.

Шынаргүл ҚАДЫРОВА, ҚАРЖЫГЕР:

Бүгінгі марапат мен үшін жоғары марапат. Еңбегімізді бағалағанына өте қуаныштымын. Көп жылдан бері осы салада қызмет етемін. Бүгін төс белгі иегері болып жатырмын, өте қуаныштымын. Мен үшін бұл өте жоғары мәртебе.

Салтанатты шараға Ақмола облысындағы әлеуметтік қызметкерлер шақырылған. Олардың арасында бір жарым мыңға жуығы мүгедек жандар бар. Ешқайсысы да назардан тыс қалмады. Салтанатты шара соңы ақмолалық өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Ә. Дүкембаева