Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанаға кірер жолдар болашақта ақылы болуы мүмкін

AstanaTV
27.07.2016ж. 20:00
2608
Астанаға кірер жолдар болашақта ақылы болуы мүмкін

Астана әкімдігі болашақта шаһарға кірер жолдарды ақылы етуі мүмкін. Шенділер осылайша таңғы және кешкі мезеттегі қалаішілік көлік кептелісін азайтуға ниетті.  Бұл туралы бүгін Қоғамдық кеңестің жиынында айтылды.

Шенділер дәйегіне қарағанда, бас қалаға жылына 75 мың көлік кіріп-шығады екен. Басым бөлігі - Павлодар, Қарағанды, Көкшетаудан күнделікті келетіндер құрайды. Кесірінен таңғы 7 мен 10 аралағында шаһарда ұзын-сонар кептеліс түзіледі. Сондықтан жол ақысы дәл осы уақытта қалаға кіргендер үшін қойылуы мүмкін. Ал көлігін сыртта қалдырғандарға арнайы қоғамдық көліктер шығарылмақ.

Бұдан бөлек, болашақта автобустардың да жолақысында өзгеріс орнағалы тұр. Яғни электронды төлеу жүйесі іске қосылады. Бірақ әзірге оның нақты қашан іске асатыны белгісіз.

Еділ Сүлейменов, Астана қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының жетекшісі:

Электронды төлем картасын пайдаланушылардың арасында егер қала сыртынан келетіндері болса, онда оларға екінші автобусқа тегін отыруына мүмкіндік беріледі. Ол үшін жолаушы картасын автобустан шығарда өткізуі керек. Сөйтіп, 60 минутқа жеңілдік жасалады. Ол сырттан кіретін және қалаішілік автобустарға қатысты.   

Құралай ПИОНЕР