Қарағанды облысындағы шахтада апат орын алып, 5 адамның денесі табылды. Тағы 4 кенші ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандардың отбасына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жедел хатын жолдады. Апат кезінде жараланған кеншілердің тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді. Сонымен қатар Үкімет пен облыс әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдап, қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырған.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым.
А. Задабек