Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тұмауға қарсы вакцинаны кімдер тегін алады?

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1167
Тұмауға қарсы вакцинаны кімдер тегін алады?

Елімізде тұмаудың А және В штаммы айналымда жүр. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның 764 мың жағдайы тіркелген. Ал тұмаумен 521 адам ауырған. Қазан-сәуір айлары тұмаудың өршитін уақыты. Мамандар аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін ескертеді.

Роза ҚОЖАПОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Ағымдағы жылы бюджет қаражатына Ресей өндірген "ГРИППОЛ +" вакцинасының 2,3 млн.дозасы сатып алынды. Бұл ДДСҰ ұсынған кемінде 10%-дан республиканың жалпы халқының 12%–ын қамтуға мүмкіндік береді.

Тұмауға қарсы егу қазан айында басталды. Бүгінде 1 млн 800 мың адам вакцина салғызған. Әзірге екпеден кейінгі асқыну жағдайы тіркелмеген. Елімізде тұмаудан басқа вирустар таралып жатыр дейді мамандар. Ал «КОВИД-19» инфекциясының көрсеткіші тұрақты. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды.

Динагүл БАЕШЕВА, "АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ" АҚ БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Әсіресе, қосалқы аурулары бар балаларда тұмау болсын, ЖРВИ, ковид болсын ауыр дәрежеде өтеді. Соның ішінде ковидпен ауырып шыққан баланың иммундық жүйесі тежелгендіктен, қазіргі күнде түсіп жатқан қосалқы ауруы барлар өте ауыр жағдайда түсіп жатыр.

Р. Бақытжанқызы