Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қызылордаға барды

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
2256
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қызылордаға барды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қызылордаға барды. Аймақтағы Жастар орталығының жұмысымен танысты. Одан әрі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің журналистика факультетінде білім алып жатқан студенттермен кездесті. Жас буын өкілдерімен тілдесіп, ашық пікір алмасты. Сонымен қатар, тұрғындарды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары жұмысын да назардан тыс қалдырған жоқ. Аймақ журналистерімен бірқатар мәселелерді талқылап, сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында медиа сауаттылықты арттыруға ден қою керектігі айтылды.

 Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Ақпараттық шабуыл үдеп тұрған кезең. Сырттан да іштен де, жалпы қоғамдық сананы манипуляция жасау үшін әр түрлі әртүрлі психологиялық операциялар ұйымдастырады. Оны кім ұйымдастырып отырғанын айқындау қиын. Арнайы заң жобасында онлайн платформалар, интернет жайлы енгізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ бәрін қатайту емес, оқытуымыз керек.

М. Тоқтасынқызы