Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президенттікке кандидат М.Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ақтөбе облысында жалғасты

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
1100
Президенттікке кандидат М.Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ақтөбе облысында жалғасты

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Ақтөбе облысында жалғасты. Үміткер өңірдегі рельс зауытына барып, құрылыс цехының жұмысымен танысты. Қызметкерлерлерге өз бағдарламасын таныстырып, пікір алмасты.

Ақтөбе облысындағы бұл өндіріс орны жылына 200 мың тоннадан астам рельс шығарады. Кәсіпорын өнімдері ел нарығына және шетелге жеткізіледі. Мұнда 500-ден астам адам еңбек етеді. Оның 90%-ті кәсіподақ құрамына кіреді. Зауыт қызметкерлерімен кездескен Мейрам Зекешұлы жұмыс барысымен танысқаннан кейін, өзінің сайлауалды тұғырнамасын талқылады. Зауыт мамандары да кандидатқа сұрақ қойып, пікір алмасты.

ТАТЬЯНА ВАСИЛЬЕВА, КӘСІПОРЫННЫҢ ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ:

Әрине, қоғам белсенді болу керек. Ел азаматы ретінде маңызды сәт туғанда жауапкершілік сезіну қажет. Сондықтан сайлаушылар әр кандидаттың бағдарламасына қызығушылық танытып, танысып, өз таңдауын жасауы тиіс.

А. Задабек