Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Н.Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды

AstanaTV
07.11.2022ж. 20:00
1109
Н.Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Орал қаласына барды. Әуесбаев өңірлік штаб жұмысымен танысып, саяси науқан алдында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың жай-жапсарын пысықтады. Қазіргі таңда мұнда үміткердің сенімді өкілдері мен волонтерлар қызу жұмыс істеуде. Оппозициялық партия өкілі қаладағы сайлаушыларымен де жолықты. Тұрғындарға сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, сауалдарына жауап берді. Бүгінге дейін Нұрлан Әуесбаев 7 аймақта болды. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден аса іс-шара өткізу жоспарланған.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Бүгін біз Орал қаласына келдік. Осында жергілікті активпен кездестік. Кездесу өте тартысты өтті. Әр түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Алдағы жоспарымыз мүмкін Ақтауда боламыз үлгерсек және солтүстік өңірдің біраз жерінде боламыз.

М. Қалиасқар