Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырау облысында ірі қараны жаппай қырып жатқан аурумен біздің ветеринарлар таныс болмай шықты

AstanaTV
29.07.2016ж. 20:00
3144
Атырау облысында ірі қараны жаппай қырып жатқан аурумен біздің ветеринарлар таныс болмай шықты

Атырау облысында ірі қараны жаппай қырып жатқан аурумен біздің ветеринарлар таныс болмай шықты. Нодулярлы дерматит індеті елде алғаш рет тіркеліп отыр. Сондықтан оны мамандар «экзотикалық» ауруға жатқызды. Бұл туралы арнайы брифингте Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов мәлімдеді. Облыстың Құрманғазы және Исатай аудандарында бүгінге дейін 130 бас мал арам қатқан. Мамандар індет көрші Ресейден келуі мүмкін деп болжайды. Ауруды масалар тасымалдауы ықтимал екені айтылды.

Тұрсын Қабдұлданов, ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

Ресей аумағында 2016 жылдың мамыр айларында Краснодар, Астрахань облыстарында және Дағыстан, Шешенстанда кездескені тіркелген. Жалпы бұл ауруға қарсы вакцина жасалған жоқ әзірге. Аурға қарсы антибиотиктер егіледі. Антибиотиктер көмектесіп жатыр. Аурудың негізгі қоздырғышы күл ауруы деп аталады, оспа ауруының қоздырғышымен тектес. 

Мамандар ауру малдың еті базар сөрелеріне жеткен жоқ деп сендірді. Науқас ірі қараның сойылмауын жергілікті жерлерде инспекторлар бақылауға алған. Ал малынан айырылған ауыл тұрғындарына өтемақы төлену мәселесі әлі шешілмеген. Өйткені жаңа экзотикалық ауру, ауыл шаруашылығы министрлігінің өтемақы берілетін, аса қауіпті індеттерінің тізімінде жоқ көрінеді.

Нодулярлы дерматит адамдарға жұқпайды деп сендірді мамандар. Шілденің 27-сінен бастап Исатай мен Құрманғазы аудандарында карантин жарияланған. Ол 30 күнге жаслағасады. Дезинфекциялық жұмыстарға және малды емдеуге жергілікті бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген. Ауырған малдардың 384 басы індеттен айыққан. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ