Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

ОСК екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды

AstanaTV
08.11.2022ж. 20:00
1420
ОСК екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды

11 қарашада Президенттікке үміткерлер арасында теледебат өтеді. Бірақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев оған қатыспайды. Оның орнына республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі, Парламент Мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов сөз сөйлейді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді. Дебаттың регламенті мен қатысушылар тізімі бекітілді. Пікірсайыс өткізудің арнайы тәртібі бар.

Анастасия ЩЕГОРЦОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Регламентке сәйкес, президенттікке кандидаттың сайлау алдындағы пікірсайысы 4 раундта өткізіледі. Раундтарға сәйкес, пікірсайысқа қатысушылар өздерінің сайлау бағдарламасымен сөз сөйлеуге, қарсыластарына сұрақ қоюға, сайлаушылардың сұрақтарына жауап беруге, сонымен қатар сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік алады. Регламент жобасы сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес келеді.

Орталық Сайлау Комиссиясы екі шетелдіктен халықаралық байқаушы куәлігін қайтарып алды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, ұсыныс Сыртқы Істер министрлігінен түскен. Аталған ұсыным дипломатиялық арналар арқылы Түркі мемлекеттері ұйымының делегация құрамының өзгеруіне қатысты өтінімге негізделеді.

Ә. Дүкембаева