Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Н. Әуесбаев Орал тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
08.11.2022ж. 20:00
719
Н. Әуесбаев Орал тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды үгіт-насихат науқаны Орал қаласында жалғасуда. Үміткер әдеттегідей еңбек ұжымдарымен, тұрғындармен кездесу өткізіп жатыр. Онда кандидаттың сайлауалды бағдарламасы кеңінен талқыланып, қоғамдағы келелі мәселелер сөз болды.

Орал тұрғындарымен кездесу барысында Нұрлан Әуесбаев бірқатар әлеуметтік мәселелерді талқылады. Үміткер, әсіресе, жастар мәселесіне жіті назар аударды. Жастарды жатақхана мен жұмыспен қамту – өзекті мәселе. Жиынға қатысушылар осы тұрғыда сауалдарын жолдап, оған жауап алды. Сондай-ақ, тұрғындар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалатын жағдайдың нашар екенін айтты.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Инвалидтерге, басқа әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге баса назар аудармайды деген сияқты көптеген әлеуметтік мәселелердің бәрі қамтылып өтті. Мен мүмкіндігінше барлық мәселелер бойынша жауап бердік. Өте көп шаралар өткіздік енді қазір шамамен 30-35-тей шара өтті. Біздің негізгі мәселеміздің көбісін еңсердік. Тағы алда біраз істер бар.

А. Серік