Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Кандидат М.Қажыкен сапасыз салынған тас жолдар туралы пікір білдірді

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
1140
Кандидат М.Қажыкен сапасыз салынған тас жолдар туралы пікір білдірді

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысында жүр. Үміткер Ақтаудағы теңіз сауда портына барды.

Ақтау теңіз порты бір мезетте 9 кемені қабылдай алады. Жүкті тиеу қуаты – 17,7 млн тонна. Кандидат еңбек ұжымымен кездесіп, оларға сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Порттың еліміз үшін маңызды екенін, халықаралық дәрежеде үлкен экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Жиын барысында сайлаушылар жол сапасына қатысты да пікір білдірді. Әсіресе, "Атырау-Астрахань" тас жолының мәселесі шешімін табар емес.

Жақсығали ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

"Атырау-Астрахань " тас жолын көтерді. Себебі ол жерде жол апаты көп болады. Жол сапасыз, салынбаған. Тағы да бірнеше мәселелер көтерілді. Негізі осы кәсіподақтарға зейін қойып жұмыс жасауға өзі бізге ұсыныс жасады.

А. Задабек