Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Павлодарда үй салушылар баспаналардың бұзылуына қарсы

AstanaTV
10.11.2022ж. 20:00
1406
Павлодарда үй салушылар баспаналардың бұзылуына қарсы

Павлодарда элиталы үй салушылар баспаналарының бұзылуына қарсы. Шіркеудің қасынан көпқабатты қос бірдей үй тұрғызған кәсіпкер ісінің заңды екенін айтады. Ал жергілікті қоғам белсенділері бұл жерге үй салуға болмайды дейді. Тараптардың тартысын әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдады.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Дауға айналған осы үй. Бұрын бұл жерде автотұрақ болған. Қазір осындай зәулім баспана бой көтерді. Бірақ, жергілікті белсенділер бұл аумаққа тұрғын үй салуға қарсы.

Кәсіпкер Бауыржан Асанов бұл жерді 2021 жылы сатып алған. Қазір көпқабатты екі бірдей тұрғын үй салуда. Айтуынша, ол үшін әкімдіктен арнайы рұқсат алған. Жердің пайдалану мақсатын да өзгертіп, қоғамдық тыңдау да өткізіпті.

Бауыржан АСАНОВ, КӘСІПКЕР:

Бүгінгі күнде мен 100 пайыз айтамын. Түгел құжатымыз, орнында, барлығы бар. Лицензиямыз бар, рұқсатымыз бар.

Ал қоғам белсенділері бұл жерге үй салуға болмайтынын айтады. Қаланың бас жоспары бұзылады – дейді.

Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚБ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі күні өкінішке орай біздің қаламыздың, әдемі қаламыздың айта кету керек, сәулеті қазір бұзылып отыр бүгінгі күні. Себебі, жаңа айтып өттім 25 заңсыз нүктелік құрылыс салынған. Талдау барысында көбі заңға қарама қайшы келіп отыр.

Бірақ, қаланың сәулет қала құрылысы бөлімі рұқсат берген.

Жангелді ШАЛҒҰМБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол жерге құрылыс салуға болмайтын болса біз мүлде рұқсат бермеуші едік. Ал, ол жерде бұрын автотұрақ болды ғой. Яғни, құрылыс салуға болады деген сөз. Автотұрақ салды не үй салды не бәрібір құрылыс қой.

Павлодарлық шенділер кәсіпкер заң бұзбағанын айтады. Ал заңға қайшы әрекетке барған 30-,а жуық құрылыс барын растады.

Ө. Қуанар