$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Президенттікке кандидат Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелері Ақтөбе облысына барды

10 қараша 2022
2076
Президенттікке кандидат Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелері Ақтөбе облысына барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Ақтөбе облысына барды.

Штаб мүшелері алдымен Ақтөбе рельсарқалық зауытына барды. Онда еңбек ұжымымен кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ:

Республикалық қоғамдық штабы ретінде біз өңірлерді аралап жүрміз. Бүгін міне Ақтөбе облысына келіп, осындай сайлаушылармен кездесіп жатырмыз. Кездесуде ең басты осы біздің кандидаттарымыздың бағдарламасын айту. Ең бастысы халықтың ешқайсысы қалмай осы сайлауға біз келуіне шақырып жатырмыз.

Кандидат жақтастары Ақтөбе облысының жұртшылығымен де кездесті. Оған 350-ден астам адам қатысты. Іс-шарада штаб мүшелері сайлау алдындағы бағдарламаның өңірлік инфрақұрылымды жақсарту және жұмыс орындарын ашу мәселелеріне арналған бағыттарына назар аударды.

Б. Сатуов



orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар