$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Синтетикалық есірткі және құмар ойындармен күрес мәселесі талқыланды

AstanaTV
10.11.2022ж. 20:00
1053
Синтетикалық есірткі және құмар ойындармен күрес мәселесі талқыланды

Республикалық штаб халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеп жатыр. Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің баспасөз хатшысы осылай деді.

Бүгін Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің республикалық штабында кезекті кеңес өтіп, елорда мен аймақтарда атқарылған жұмыстар пысықталды. Мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді. Штаб басшысы өңірлердегі сайлаушылардан түсіп жатқан сауалдар мен ұсыныстар жан-жақты сараланатындығын жеткізді. Кандидат бұған дейін 8 облыстың 13 қаласы мен бірқатар елдімекен жұртшылығымен кездесті. Жастар тәрбиесі, отбасы институтын нығайту тақырыбында ой өрбітіп, синтетикалық есірткі және құмар ойындармен күрес мәселесін талқылады.

Еламан ТӨЛЕПБЕРГЕН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Кандидаттың ел өңірлеріндегі кездесулері жалғасуда. Сайлауалды штабқа қойылған талап өте жоғары. Ел өңірлерінен көптеген сұрақтар мен ұсыныстар түсіп жатыр. Сайлаушылармен кері байланыс орнатылған. Олардың барлығына білікті мамандар тиісті жауаптарын беріп жатыр.

Т. Әлжанов